Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлы Приозерск қаласына қызметтік сапары барысында шаһардағы жастар орталығында кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Есірткінің алдын алу», «Зиянды әдеттердің зардаптары», «Саламатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыптары бойынша насихат айтылды. Кездесу соңында жастардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі