Қарағанды қаласының «Төлеутай ата» мешітінің жамағатының арасында шағын футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.
«Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен мешіт арасында тұрақты түрде футбол ойындары жалғасып жатыр. Сайысты өткізуде негізінен жамағат арасында бірлікті арттырып, толеранттылықты қалыптастыру және саламатты өмір салтын насихаттау мақсаты көзделген..
ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі