«Қажыбай қажы» мешітінде әр сейсенбі сайын «Әнет баба» орталық мешітінің ұстазы Олжабек Мұрсали «Фиқһ» дәрісін өткізіп келеді.
Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде әр сейсенбі сайын Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Олжабек Мұрсали «Фиқһ» дәрісін өткізіп жүр. Сабақ барысында мешіттің шәкірттері пайдалы білім алды, сондай-ақ намазға, оразаға қатысты ойларында жүрген сұрақтарын Олжабек ұстазға қойып, тұшымды жауаптарын алды. Шәкірттер дәрістерге өздері ықылас танытып, қатысады.
ҚМДБ - Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі