Желтоқсан оқиғасы баршамыздың мәңгі есімізде. Осынау тарихи мәнге ие, мемлекеттік маңызы бар мейрам қарсаңында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнінің құрметіне орай желтоқсан құрбандарына Құран хатым дұғасы оқылды.
Айтулы мейрам күніне орай берекелі дастархан жайылып, мешіт жамағаттарына ас берілді. Шара барысында тәуелсіздік үшін құрбан болған боздақтарымыз еске алынып, мешіт имамдары әсерлі уағыз- насихат айтты. Басқосу соңында Құран оқылып, мешіт ақсақалы бата берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі