ҚМДБ Қарағанды облысының өкілдігінде 2024 жылды қорытындылаған дәстүрлі өңірлік мәжіліс ұйымдастырылды. Алқалы жиын барысында өңірдегі мешіттерде үздік қызмет көрсеткен дін қызметкерлері арнайы марапаттарға ие болды.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2024 жыл «Ислам және дәстүр құндылығы»,-деп жарияланып, оның ішінде «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» атты бес бағыт белгіленген. Қарағанды облысының мешіттерінде имамдар ҚМДБ бекіткен бес бағытқа басымдық бере отырып және тиісті секторлар жоспар бойынша көптеген ауқымды жұмыстар атқарды. Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы осы жылды сәтімен қорытындылаған дін қызметкерлеріне алғыс айтып, еңбегі сіңген мамандарға алғыс хат және 200 000 теңгелік сертификат табыстады. Сонымен қатар алдағы уақытта да жоспарланған игі істерді жұмыла кірісіп, бірлесе атқаруға тілек тілеп, дұға жасалды.
Марапатталғандар:
1.Үздік қала имамы - Нуров Назар-Махмуд Нұрұлы. Қарағанды қаласы «Бала қажы» мешітінің имамы.
2. Үздік аудан имамы - Акошев Рустем. Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы.
3. Үздік ауыл имамы - Мукеев Сакен Абикенович. Бұқар жырау ауданы, Тегісжол ауылдық мешітінің имамы.
4. Үздік наиб имам - Құмар Қоныскерей. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы.
5. Үздік мешіт азаншысы - Әуесхан Рахымбек. Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің азаншысы.
6. Үздік ұстаз (ер ұстаз) - Маханбетчин Қарубай Берікұлы. Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің ұстазы.
7. Үздік ұстаз (әйел ұстаз) - Жалғабекова Әлия. Шет ауданы, Ақадыр кенті «Иса Молла» мешітінің ұстазы.
8. Жыл уағызшысы - Шұғай Юсүпбек Шұғайұлы. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы.
9. Үздік ардагер имам - Алдангаров Сайлау Амерхажаевич. Бұқар жыр ауданы, Ғабиден Мұстафин ауылы мешітінің имамы.
10. Үздік мешіт тазалықшысы -Қорабаева Қарлығаш Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің тазалықшысы.
11. Ардагер имам - Қайболдинов Иса 87 жаста. Нұра аудандық мешітінің молдасы.
12. Ардагер имам - Нұрмұхан Шайкеұлы. Қарқаралы Томар ауылы мешітінің имамы