Center Image
IHSAN.KZ
«Жанғұтты би» мешіті ардагерлерді құттықтады
«Жанғұтты би» мешіті ардагерлерді құттықтады

Шет аудандық «Жанғұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен мешіт ақсақалдары ардагерлерді құттықтады.

 

Жанғұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы мешіт ақсақалдарымен бірге аудандағы абыз қария, Шет ауданының «Құрметті азаматы» Алғожин Шәйкен ақсақалдың 90 жасымен құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып және кілем мен сый-сыяпат жасап, батасын алып қайтты.

Сонымен қатар мешіт асханасында бірнеше жыл еңбек еткен Смағулова Майкен апаның да үйіне барып, басына орамал, үстіне бешпент жауып және кілем мен немерелеріне дәмді сыйлық сыйлап, құттықтады.

Смағулова Майкен апаға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының атынан алғыс хат табысталды.

 

ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz