Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облысы «Мүфтият үздігі -2024» жобасы аясында «ҮЗДІК ӨКІЛДІК» атанды
Қарағанды облысы «Мүфтият үздігі -2024» жобасы аясында «ҮЗДІК ӨКІЛДІК» атанды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2024 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған есепті жиынның нәтижесі бойынша Республика деңгейінде Қарағанды облысы

 «ҮЗДІК ӨКІЛДІК» атанды!

 

Қарағанды облысының өкілдігі ҚМДБ-ның  барлық бағыттағы тапсырмасын жыл бойы Республика бойынша табысты орындап,  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің қолынан ең жоғары номинация – “ҮЗДІК ӨКІЛДІК” марапатына ие болды.  Қарағанды облысы мұндай марапатқа өңір тұрғындарының, мешіттердің жамағатының, жалпы халықтың жанашырлық ниеттерінің, нақты қолдауларының, облысымыздағы барша дін қызметкерлерінің еңбегінің нәтижесінде қол жеткізді.

 

Мәртебелі марапат Қарағанды жұртшылығына құтты, берекелі болсын. Ардақты дініміз өркендей берсін!


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz