Center Image
IHSAN.KZ
Қарқаралы ауданының Томар ауылында мешітті қалпына келтіру жұмыстары басталмақ
Қарқаралы ауданының Томар ауылында мешітті қалпына келтіру жұмыстары басталмақ

Қарқаралы ауданы, Томар ауылдық мешіті техникалық себептерден өртенген. Қайғылы жағдай белгілі болғаннан кейін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысының бас имамы Естай Әбдіғалиға мешітті қалпына келтіру жұмыстарын қарастыруды тапсырды.

 

Естай Айтуғанұлы Қарағанды облысы өкілдігінің жауапты мамандарын ертіп барып, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысымен және ауыл әкімімен бірге жергілікті тұрғындармен келелі кеңес өткізді. 

Бүгінде мешіттің қабырғасы аман қалған. Бас имам мешітті қалпына келтіру жұмысын жақын арада бастауға ұсыныс білдіріп, бұл іске барынша қолдау көрсететінін атап өтті.

Кездесу барысында мешітті қайта тұрғызу бойынша нақты жоспар қарастырылды. Жергілікті әкімдік құжаттарды рәсімдеу мен қажетті ұйымдастыру жұмыстарын қолға алатынын айтты. Ауыл халқы да ортақ іске бір кісідей жұмылуға дайын отыр.

Жиын соңында жиналған жұрт құран оқып, дұға жасады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz