Center Image
IHSAN.KZ
«Қажыбай қажы» мешітінде шәкірттер Құран жаттаудан сайысты
«Қажыбай қажы» мешітінде шәкірттер Құран жаттаудан сайысты

Үштөбе ауылы, «Қажыбай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатының шәкірттері арасында «Құран – нұр» атты Құранды жатқа оқу сайысы өтті.

 

Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла өзі сақтап, екі өмірде мәңгілік нұрға бөлейді. «Қажыбай қажы» мешітінің ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызының жетекшілігімен Құран жаттаушы шәкірттер Құранның бір-екі парасын және жарты парасын жатқа оқудан жарысты.

«Кімде-кім Алла Тағаланың кітабынан бір аят тыңдайтын болса, оған еселеп сауап жазылады» деген хадиске амал ете отырып, сайысқа көрермендер де тартылды.

Сайыс соңында жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

«2 пара» аталымы бойынша:

I орын – Амирханова Ляззат Батырбайқызы (60 000₸)

II орын – Акбергенова Гульдана Маратжанқызы (40 000₸)

III орын – Шактаева Алмагүл Төлепбергенқызы (30 000₸)

«1 пара» аталымы бойынша:

I орын – Алтыбаева Каусар Ерболқызы (40 000₸)

II орын – Абдулқуддус қызы Әсия (30 000₸)

III орын – Кеңес Жансая Тұрсынбекқызы (20 000₸)

Жарты пара «Фәжір – Нәс сүрелері» аталымы бойынша:

I орын – Сатпаева Лязат Мухатайқызы (30 000₸)

II орын – Қазыбекқызы Сымбат (20 000₸)

III орын – Кусаинова Айман Толеутайқызы (10 000₸)

Сонымен қатар Құран сайысына қатысқан шәкірттерге ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Тамашалауға келген әйел-қыздар жамағатына ақ дастархан жайылып, «Әнет баба» мешітінің ұстазы Жадыра Асылтайқызы мен «Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызы әсерлі уағыз-насихат айтты .

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Расында, Алла Тағала осы Кітаппен (амал еткен) қауымның (екі дүниеде де) мерейін өсіріп, ал (амал етпеген) қауымның дәрежесін түсіріп, қор қылады» деп айтты» делінген.

Алла баршамызға Құранды жаттап қана қоймай, сонымен амал етуімізді жазсын.

 

ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz