Теміртау қаласының Ақтау кентіндегі мешіттің имамы Фазылахмад Асламденұлының ұйымдастыруымен ғимарат ішіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Мешіт – жердегі Алланың үйі, жамағаттың діни-рухани ордасы. Осы мақсатта Ақтау кентіндегі мешіттің жайлылығы мен сәулеттік келбетін жақсарту үшін ауқымды жөндеу жұмыстары атқарылды. Жөндеу барысында ғимараттың кіреберісі, аспаздар бөлмесі және намазхана әктеліп, сыланып, сырланды.
Жамағаттың қолдауымен жүзеге асқан бұл жұмыстар дін қызметкерлері мен халықтың өзара бірлігін нығайтып, ғибадат үйінің маңызын одан әрі арттыра түсті. Мешіт ұжымы игі іске атсалысқан барша азаматқа ризашылығын білдіреді.
ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі