Қарағанды қаласындағы «Хазрет Али» мешітінде жұма намазынан кейін «Пәтуа сағатын» өткізу дәстүрге айналды. Бұл іс-шарада жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға шариғат талаптары мен заман талабына сай жауаптар беріледі.
«Пәтуа сағаты» барысында әр түрлі тақырыптар кеңінен талқыланып, жамағатқа шариғи түрде түсіндіріледі. Сондай-ақ жиналған қауым Ислам құндылықтары туралы тереңірек мәліметтермен танысады.
«Хазрет Али» мешітіндегі «Пәтуа сағаты»– рухани сұхбаттың маңызды бір бөлігіне ұласып келеді.
ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі