Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облысының бас имамы Саран қалалық мешітіне барып қайтты
Қарағанды облысының бас имамы Саран қалалық мешітіне барып қайтты

Қарағанды облысының бас имамы Естай Әбдіғали Саран қалалық мешітінде бақылау-басқару жұмыстарын жүргізіп, мешіттің қызмет көрсету сапасы мен діни іс-шараларды ұйымдастыру деңгейін қарастырды.

 

Естай Әбдіғали Саран қалалық мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлы мен қызметкерлерге тапсырмалар беріп, діни іс-шаралардың ұйымдастырылу сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жамағатқа қолайлы жағдай жасау, жастармен жұмыс жүргізу және ұлттық әрі рухани құндылықтарды насихаттау бағытында тиімді жобаларды жүзеге асыру қажеттігіне тоқталды.

 

Бұл сапарда негізінен – мешіттің ағымдағы жай-күйімен танысу, жамағаттың рухани сұраныстарын қамтамасыз ету және діни қызметті одан әрі жетілдіру істері талқыланды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz