Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде ҚМДБ бекіткен «Ізгі қоғам» бағыты аясында мешітке келген жамағатқа «Отбасы құндылықтары» тақырыбында насихат айтылды.
Іс-шара барысында мешіт наиб имамы Диарбек Аширматов қазіргі жастарға дініміздегі отбасының маңызы мен жауапкершілігі жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі