«Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызы шәкірттерге хиджабтың маңыздылығы жайлы уағыз-насихат айтты.
Шет ауданы, Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде шәкірттерге хиджаб, орамал туралы уағыз айтылды және дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов хиджабты «Шариғат шәлісі» атаған екен.
Басқосуда ғұлама ғалымдардың айтқан сөздері мен тарихи оқиғалардан мысалдар келтірілді.
ҚМДБ Қарағанды облысы бойынпша өкілдігінің баспасөз қызметі