Шет ауданының Ақадыр кентінде «Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызы тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы «Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында әйел-қыздар жамағатына уағыз-насихат айтты.
Іс-шара аясында ата-ананың жауапкершілігі, баланың рухани тәрбиесі және мейірімділік пен өзара түсіністіктің маңызы жайлы мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ Әлия ұстаз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы тыныштық пен берекені сақтау жайлы әңгмеледі.
Қатысушылар бала тәрбиесінде ұлттық және діни құндылықтарды сақтауға назар аудару керектігі туралы өз ойларын ортаға салды.
ҚМДБ Қарағанды облысы бойынпша өкілдігінің баспасөз қызметі