Қарағанды қаласындағы «Әл-Ғаффар» мешітінің әйел-қыздар жамағаты, «Көзайым комьюнити» клубының бастамасымен «Орамалым – асыл тәжім» атты рухани кеш өткізді. Бұл игі шара орамалдың қадірі мен әйел затының асыл қасиеттерін насихаттауға бағытталды.
Кешті Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызы ашып, жамағатқа тағылымды уағыз айтты. Сонымен қатар, «Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызы Рамазан айына дайындық жөнінде әсерлі насихат жүргізді. Жиналған 44 қатысушы сұрақ-жауап арқылы білімін толықтырып, пайдалы кеңестер алды.
Сондай-ақ кеште кәсіпкер Әсем Әкішева мен стилист Фарида Сәкенқызы өз салаларындағы тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға пайдалы ақпараттар ұсынды. Шара барысында түрлі сүннет амалдары айтылып, жамағатқа сыйлықтар таратылды.
Бұл кеш рухани жаңғыруға серпін беріп, әйел-қыздар қауымының бірлігін арттырған ерекше басқосу болды.
ҚМДБ Қарағанды облысы бойынпша өкілдігінің баспасөз қызметі.