Center Image
IHSAN.KZ
 «Хазрет Али» мешітінде отбасы құндылықтары насихатталды
 «Хазрет Али» мешітінде отбасы құндылықтары насихатталды

Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде «Ислам  және отбасы құндылығы» тақырыбында насихат айтылды.

 

Мешіттің наиб имамы Асылбек Жұпархан мешітке жиналған жамағатқа отбасындағы құндылықтар, ер мен әйелдің өзара қарым-қатынасы, бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелер сынды түрлі тақырыптарға тоқталды.

Сонымен қатар, қазіргі қоғамда әсіресе жастар арасында белең алып отырған құмар ойындарының зардабы мен кері әсері жайында түсіндірілді. Іс-шараға мешіт жамағаты мен шәкірттері қатысып, көкейлерінде туындаған сұрақтарына жауап алды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz