Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ұйымдастырылған «Көшпелі уағыз керуені» жобасын, Шахан кентіндегі «Сәлкен Молла» мешітінде өткізді.
Имам жұмаға жиналған жамағатқа «Мұсылманның мұсылман алдындағы ақысы» тақырыбында насихат айтты. Жамағат уағызды ықыласпен қабылдап, өзара бауырмалдық пен бірлікті нығайтуға қатысты сұрақтарын қойды.
«Көшпелі уағыз керуені» жобасы алдағы уақытта да жалғасып, ел ішінде рухани құндылықтарды нығайтуға өз үлесін қоса бермек.
ҚМДБ Қарағанды облысы бойынпша өкілдігінің баспасөз қызметі