Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешіті балалар үйінде «Жылу сыйла» акциясын өткізді
«Нұр» мешіті балалар үйінде «Жылу сыйла» акциясын өткізді

«Жылу сыйла» акциясы аясында Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің жамағаты қайырымдылық шарасын өткізді.

 

Қайырымдылық – қоғамдағы ең ізгі амалдардың бірі. Осы орайда, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің жамағаты Абай қаласындағы балалар үйіне арнайы қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Іс-шара «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы аясында өткізіліп, балалар үйіне қажетті азық-түлік пен отын-көмір жеткізілді. Қыс мезгілінде мұндай көмек аса маңызды. Бұл бастама мешіт жамағатының жанашырлығы мен қамқорлығының көрінісі болды.

Балалар үйінің ұжымы мен тәрбиеленушілері көрсетілген көмекке ризашылықтарын білдірді. Осындай игі істер қоғамдағы мейірімділік пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.

Қайырымдылық – жүректен шыққан жылу. Бұл бастама өзгелерге үлгі болып, сауапты амалдар көбейе берсін!

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz