Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінің сыртына шағын жөндеу жұмысы жүргізілді
«Нұр» мешітінің сыртына шағын жөндеу жұмысы жүргізілді

Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің сыртқы қабатына шағын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар ғимараттың сыртқы көрінісін жаңартып, жамағатқа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылды.

 

Жөндеу барысында мешіт шатырының кейбір жерлері түзетіліп, ұсақ-түйек қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бұл игі іске мешіт жамағаты өз үлестерін қосып, бірлесе атқарды.

Мешіт – тек құлшылық орны ғана емес, сондай-ақ жамағаттың бірлік пен ізгілікті насихаттайтын мекені. Сол себепті оны күтіп ұстау – ортақ міндет. Алдағы уақытта да мешітті көркейту бағытында жұмыстар жалғасады.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz