Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық мешітінде әйелдер жамағатына Рамазанға дайындық насихатталды
Абай аудандық мешітінде әйелдер жамағатына Рамазанға дайындық насихатталды

Абай аудандық орталық мешіті «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Рамазан рахым айы" атты әйелдер жамағатына арналған семинар болып өтті.

 

Іс-шара мешіт ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Берекелі дастархан барысында әйелдер жамағатының алда келе жатқан қасиетті рамазан айына дайындық, рамазан айында уақытты тиімді пайдалану сынды маңызды сауалдарына жауап берілді. Берекелі айдың қадір - қасиеті жайлы насихат айтылды.

Құран оқылып, ата- баба рухына дұға жасалды. 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz