Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары басталды.
Мешіт имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен мешіттің ішіне тазалық жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың қабырғалары әктелді. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары да жалғасын тауып жатыр.
Алдағы уақытта қасиетті айдың құрметіне орай мешіт іші безендіріліп, әрленетін болады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі