Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде зират мәдениетін дамыту, зиярат жасау әдебі және жерлеу рәсімдерін жүйелеу, мәселелері бойынша арнайы семинар өтті. Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) өкілдері, «Qamqor-Sharapat» орталығының басшылары, жерлеу қызметтерімен айналысатын мамандар және аймағымыздағы діни сала басшылары мен аудан, қала имамдары қатысты.
Семинар барысында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша Бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы, ҚМДБ-ның «QAMQOR-SHARAPAT» ЖШС-нің директоры Рсымов Мейрамбек Қабылбекұлы, ҚМДБ-ның «Qamqor-Sharapat» орталығының Қарағанды өңірі бойынша өкілі Абильдаев Бақдәулет Қыдырбайұлы, Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының басшысы Хасенов Жантөре Амангелдіұлы, сондай-ақ Астана қаласының Республикалық Бас мешіт мәйітханасының меңгерушісі Уразов Гиният Габдыкадырович арнайы қатысып, маңызды мәселелерді көтерді.
Жиында зираттардың тазалығы мен күтімін қамтамасыз ету, жерлеу рәсімдерін шариғатқа сай өткізу, мәйітхана қызметін жүйелеу және зиярат әдебі талқыланды. Мамандар мен дін өкілдері жерлеу рәсімдерінде шариғат талаптарын сақтау, ысырапшылдықтың алдын алу және ел ішінде дұрыс түсінік қалыптастыру мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, жерлеу қызметтерін біріздендіру және рухани құндылықтарды насихаттау жайы қозғалып, бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізу әрі жүзеге асыру қажеттігі айтылды. .