ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық орталық «Әнет баба» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында ақсақалдар арасында бата беруден облыстық іріктеу сайысы ұйымдастырылмақ.
Сайысқа өңірге қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің атынан ақ сақалды қариялар қатысып, бақ сынасады.
Осы орайда, айтулы іс-шараға дайындық жұмыстарын талқылау мақсатында Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде арнайы жиын болып өтті.
Жиында қалық мешіттің имамы Рауан Төлеубекұлы сайысқа қатысатын ақсақалдардың дайындығын пысықтап, сәттілік тіледі.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі