Center Image
IHSAN.KZ
«Қажыбай қажы» мешітінде намаз оқу дәрісі өткізілді
«Қажыбай қажы» мешітінде намаз оқу дәрісі өткізілді

«Қажыбай қажы» мешітінде ҚМДБ бекіткен «Діни оқу ағарту» бағыты бойынша әйел - қыздар жамағатына «Намаз - діннің тірегі» атты намаз оқып-үйрену дәрісі өткізілді.

 

Намаз – Алланың берген сансыз нығметтеріне шүкірлігіміздің көрсеткіші. Намаз – Алла мен құлдың арасындағы байланыс.

«Қажыбай қажы» мешітінің ұстаздары - Мариям Бауыржанқызы мен Гүлнұр Қаныбекқызының ұйымдастыруымен әйел – қыздар жамағатына намаздың дініміздегі орны жайлы айтылып, намаз оқу үлгісі көрсетілді.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz