Center Image
IHSAN.KZ
«Әл - Машани» мешітінде айел - қыздар жамағаты Құранды хатым етті
«Әл - Машани» мешітінде айел - қыздар жамағаты Құранды хатым етті

«Әл - Машани» мешітінде  Рамазан айының келуіне орай айел - қыздар жамағаты Құранды толық хатым етіп оқып шықты.

 

Хақ Тағала «Исра» сүресінің 82-ші аятында: «Біз мүминдерге шипа және рахмет болған Құран аяттарын түсіреміз»,-дегеніне сай, Құран – жан мен тәннің дауасы.

Алла Тағаланың разылығына лайық пендеге Құранның шапағаты екі дүниеде де нәсіп болары сөзсіз.

Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алланың үйінің бірінде жиналып, Алланың кітабын оқыған және оны бір-біріне үйреткен қауымға тыныштық беріледі, рақым етіледі, оларды періштелер орап алады (қорғайды), Алла оларды Өзінің құзырындағы ұлы жамағаты ішінде еске алады», – деген (Мүслим).

Мешіт ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызының ұйымдастыруымен әйел - қыздар жамағаты Құран параларын бөлісіп, толық оқып болған соң соңында хатым дұғасы жасалды.

Әрбір ізгі амалдың жақсылығы еселеніп жазылатын қасиетті Рамазан  айын шәкірттер Құран оқумен, Аллаға шүкіршілік етумен қарсы алды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz