Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облысының өкілдігі Рамазанға баспасөз мәслихатын өткізді
Қарағанды облысының өкілдігі Рамазанға баспасөз  мәслихатын өткізді

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысының өкілдігі Рамазан айының қарсаңында баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Аймақтың бас имамы Естай Айтуғанұлы мен "Шариғат және пәтуа" бөлімінің жауапты маманы Юсуфбек Шұғайұлы биылғы Рамазан айын өткізу тәртібі туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

Естай Айтуғанұлы өңірдегі мешіттердің Рамазанға толық дайын екенін атап өтті. Зекет және пітір садақадан жиналған қаржыға "Рамазан сыйлықтары" дайындалып, жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалар мен қарттар үйіне таратылады. Сонымен қатар міскіндер мен студенттерге ауызашар беріледі, науқас адамдарға, мұқтаж жандарға қаржылай және басқа да көмектер көрсетіледі.

Рамазан айында көптеген жұмыстар жоспарланып отыр. Ораза қарсаңында Қарағанды облыстық орталық «Әнет баба» мешітінің ақсақалдары қаладағы дүкендерді аралап, қасиетті айда алкогольді ішімдікті сатуды шектеуді ұсынып, оның зияны, қылмыстың көбеюіне ықпал ететіні жайлы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар дін қызметкерлері кәсіпкерлерге - халықтың алғысын алып, сауапқа кенелу үшін жылда азық-түлік бағасын оараза айында қолжетімді бағамен сатуды ескертіп келеді.

Биылғы 28 ақпан – Тарауих намазының бірінші күні. 1 наурыз – Рамазанның алғашқы күні. Ал наурыздың 26-нан 27–не қараған түні - Қадір түні. 29 наурыз – Оразаның соңғы күні. 30 наурыз – Рамазан айты.

Осы жылға Мүфтият белгілеген пітір садақа – 655 теңге.

Тілшілердің сұрақтарына орай оразаны ұстаудың тәртібі түсіндіріліп, жаңадан ораза ұстайтын жандарға Мүфтияттың және жергілікті өкілдіктің  ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында толық ақпарат берілетіні туралы айтылды.

Баспасөз мәслихатында журналистер мен имамдар пікірлмасып, қойылған сұрақтарға толымды жауап берілді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz