Теміртау қалалық орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен қала мешіттерінде қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары өз мәресіне жетті.
Айлардың сұлтаны саналатын Рамазанға дайындық аясында мешіттерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, жамағатқа қолайлы жағдай жасалды. Сондай-ақ, тарауық намазын өткізуге байланысты ұйымдастыру шаралары пысықталып, ауызашар беруге арналған жоспарлар бекітілді.
Рамазан – сауапқа толы ай ғана емес, жүректерді жұмсартып, рухани тазаруға мүмкіндік беретін кезең. Осы орайда мешіттерде діни сауат ашу дәрістері мен қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі.
ҚМДБ - Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі