Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды
«Әнет баба» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды

Исі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Рамазан айы басталып, еліміздің мешіттерінде тарауих намазы оқыла бастады. Қарағанды облыстық орталық «Әнет баба» мешітінде жамағат ерекше ықыласпен жиналып, алғашқы тарауих намазы өтті.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы Рамазан айында атқарылатын жоспарлы істерді бекіткен болатын. Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы жамағатқа Тарауық намазының алдында оразаның артықшылығы туралы уағыз айтып, пітір садақаның маңызына тоқталды және биыл 655 теңге болып бекітілгенін атап өтті.

Сондай-ақ Мысырдағы Әл-Азһар университетінің студенті, 4 қырағат иесі Сабырджан Мұхаммед қариды таныстырып, қасиетті ай бойы Құран хатым етілетінін жеткізді.

Айта кетейік, еліміздің мешіттерінде кешегі күннен бастап, тарауих намазы жалғасады. Ораза айында Мүфтият бекіткен істерді атқару және қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz