Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде қарды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Мешіт имамы Орманбет Болатұлының ұйымдастыруымен арнайы техника күшімен мешіт ауласы тазаланды. Арнайы техника арқылы мешіт маңындағы тұрақтар мен айналасы қалың қардан аршылды.
«Тазалық – иманнан» деген қағиданы ұстанған мешіт әкімшілігі техникамен көмек көрсеткен азаматтарға алғыс білдірді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі