Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облысы мешіттерінің ақсақалдары арасында «Ақ бата» сайысы өтті
Қарағанды облысы мешіттерінің ақсақалдары арасында «Ақ бата» сайысы өтті

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрі. Бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, елдің бірлігі мен игілігін тілейтін ізгі ниеттің көрінісі болып саналады. Осы дәстүрді дәріптеу мақсатында Қарағанды облысының мешіттерінің ақсақалдары арасында ІІ республикалық «Ақ бата» байқауына іріктеу сайысы өтті.

 

«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы байқауды ұйымдастыруға қолдау көрсетті..

«Бата – елге құт» тақырыбында өткен байқауға аймағымыздағы қала-аудан мешіттерінен жиырмаға жуық үміткер қатысты. Қатысушылар әртүрлі бата түрлерін айтып қана қоймай, дін мен дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл сұрақтар салт-дәстүрге негізделген кітаптардан және діни ілімдерден алынды.

Байқауға елге танымал ақын-жазушылар, филолог ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, мешіт ақсақалдары және имамдар қазылық жасады. Олар үміткерлердің арасындағы батаның мазмұны мен мағынасы, оның көркемдігі мен орындау шеберлігін ескере отырып, үздіктерді анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша:
 Абай қалалық мешітінің ақсақалы Абай Бекейұлы – 1-орынды,
 Қарағанды қалалық «Бұқар жырау» мешітінің ақсақалы Онғарбай Қуанышбаев – 2-орынды,
 Қарағанды қалалық «Әл-Ғоффар» мешітінің ақсақалы Тілеуқор Қанафин – 3-орынды иеленді 

1-орын иегері Түркістан қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама алды. Жеңімпаздарға жүлделер табысталды:
 1-орынға – 50 000 теңге
 2-орынға – 30 000 теңге
 3-орынға – 20 000 теңге қаржылай сертификат тапсырылды.

Қарағанды облысы өкілдігінің «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты Бақдәулет Қыдырбайұлы бұл байқаудың ақсақалдар арасында жоғары дәрежеде өтуіне атсалысты.

Іс-шара соңында жиналған қауымға арнайы ас берілді.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz