Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешіті көше тазалаушыларға құрмет көрсетті
«Әнет баба» мешіті көше тазалаушыларға құрмет көрсетті

Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің «Уақып» қоры мен «Зекет және қайырымдылық» қоры бірлесіп, көше тазалаушы жұмыскерлерге құрмет көрсетіп, арнайы дастархан жайды. Қайырымдылық істі  «Зекет және қайырымдылық» қорына жауапты Асылхан Рахымжанұлы мен «Уақып» қорына жауапты Бағдаулет Қыдырбайұлы ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Рамазанның қасиеті жайлы насихат айтылып, кітапшалар таратылды. Сондай-ақ ізгі тіеткре тілеп, дұға бағышталды. Асылхан Рахымжанұлы мен Бағдаулет Қыдырбайұлы қатысушыларға Рамазан айының маңызы мен қайырымдылықтың қоғамдағы орны туралы ой бөлісіп, іс-шараны жоғары деңгейде өткізді.

Қасиетті айда жасалған әрбір жақсылықтың сауабы еселенеді. Баршаңызды мейірімділік пен қайырымдылық істерді атқаруға шақырамыз.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz