Барша мұсылман қауымы асыға күткен Рамазан айын мұсылман жұртынк хабарлау һәм насихаттау үшін Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлының ұйытқы болуымен мешіт ауласына «Рамазан айы қабыл болсын!» атты баннерлер мен билбордтар ілінді.
Сонымен қатар, мешітке келуші жамағат үшін арнайы су мен құрмалар қойылды.
Алдағы уақытта берекелі айдың құрметіне орай мешітте игі шаралар мен қайырымдылықтар жүзеге асатын болмақ.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөзі