Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінің имамы дін жанашырларына алғысын білдірді
«Төлеутай ата» мешітінің имамы дін жанашырларына алғысын білдірді

1 наурыз – елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіреді. Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің жанашырлары алғысқа бөленді.

 

Тарауық намазына жиналған дүйім жұрт алдында мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы дін жанашырларына өзінің алғысын айтып, ыстық лебізін білдіре келе, сыйлықтар тарту етті.

Алғыс айтуға қатысты Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде: «Адамдарға алғыс айта алмаған адам, Аллаға шүкір ете алмайды»,-деген.

Игі істі жүзеге асырған мешіт дін қызметкерлеріне мешіт жамағаты ризашылықтарын білдірді.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz