Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауданына қарасты Дубовка ауылдық мешітінде «Аталар мектебі» рухани шарасы өтті
Абай ауданына қарасты Дубовка ауылдық мешітінде «Аталар мектебі» рухани шарасы өтті

Абай ауданына қарасты Дубовка ауылдық мешітінде ҚМДБ бекіткен «Ізгі қоғам» және «Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Аталар мектебі» атты рухани іс-шара ұйымдастырылды.

 

Жиын барысында мешіт имамы Ақпанбет Наурызбек Мейрамбекұлы жамағатқа «Аталар өнегесінің қазақ тәрбиесіндегі маңызы» тақырыбында тағылымды насихат айтып, ұрпақ сабақтастығы мен үлкендердің үлгілі рөлі жайлы сөз қозғады

. Сонымен қатар қатысушылар арасында танымдық викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, жамағат белсенділік танытты.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz