Center Image
IHSAN.KZ
«Әлихан Бөкейхан» мешітінің наиб имамы полицейлерге суицидтің алдын алу жолдарын түсіндірді
«Әлихан Бөкейхан» мешітінің наиб имамы полицейлерге суицидтің алдын алу жолдарын түсіндірді

Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының МКҚБ 2 полиция батальонының қызметкерлеріне арналған ерекше бір маңызды рухани іс-шара Теміртау қаласында өтті. Бұл уағыз-насихаттың басты тақырыбы — «Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу» (суицидтің алдын алу) болатын. Қазіргі қоғамда өте өзекті мәселе болып отырған бұл тақырып бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Теміртау қалалық мешітінің наиб имамы Байбулатов Марат уағыз айтты.

 

Наиб имам өз уағызында адамның өмірінің құндылығы мен Алланың берген сыйы туралы сөз қозғады. Ол Исламның адам өміріне деген терең құрметі мен оны сақтаудың маңыздылығын жеткізе отырып, суицидтің адамды тек тәндік емес, рухани тұрғыда да жойып жіберетінін тілге етті. «Өмір — Алланың сыйы. Әрбір адам өз өмірін қадірлеуі, қиындықтарға төтеп беріп, үмітсіздікке берілмей, сенімін сақтауы қажет», — деп атап өтті.

Марат имам суицидтің алдын алу мәселесін көтере отырып, ең алдымен әрбір адамның жүрегінде сенім мен үміттің болуы керектігін айтты. Ол мұсылмандарды әрдайым бір-біріне қолдау көрсетуге, қиын жағдайларда рухани көмек ұсынуға шақырды. Сондай-ақ ол қоғамда психологиялық көмек пен қолдау көрсету жүйесін нығайту керектігіне де тоқталды. Әсіресе полиция қызметкерлерінің жұмысында әрдайым стресс пен қысым болатынын ескере отырып, оларға рухани демеу көрсетудің маңыздылығын түсіндірді.

Теміртау қаласында өткен бұл уағыздың басты мақсаты — суицидке қарсы күрес, қоғамда өмірдің құндылығын ұғындыру, адамға көмек көрсету мен қолдау көрсету арқылы олардың қиындықтарды жеңуіне ықпал ету болды. Имамның сөзі жиналғандарға үлкен әсер қалдырды, өйткені ол тек дін тұрғысынан ғана емес, адамгершілік және әлеуметтік тұрғыда да маңызды мәселелерді көтерді.

Бұл іс-шара өз кезегінде полиция қызметкерлерінің рухани дүниесін байытып, әрбір адамның ішкі қуатын күйшейтуге, қиындықтарды жеңуге деген сенімін арттыруға мүмкіндік берді.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz