Абай ауданына қарасты Топар кентіндегі «Жұмабек Тәшен» мешітінде Халықаралық аналар күніне орай рухани іс-шара өтті.
Кент имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен өткен «Әжелер мектебі» атты рухани жиында ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді.
Салтанатты рәсімге аудан имамы Асхат Қанайұлы арнайы қатысып, аналарға өз лебізін білдіріп, мереке аясында гүл шоқтарын тарту етті. Сонымен қатар кент имамы Мурсали Қаленұлы мен Асхат Қанайұлы өңірдегі тоқсан жасқа келген қос әженің иығына шапан жауып, ерекше ілтипат көрсетті.
Іс-шара барысында Құран оқылып, ата-баба рухына дұға бағышталды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі