Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде Құран ілімі үйретіліп жатыр
«Төлеутай ата» мешітінде Құран ілімі үйретіліп жатыр

Қасиетті Рамазан айында Құран оқу өте сауапты әрі сүннет амалға жатады. Осыған орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жас жеткіншектерге Құран ілімі бойынша діни сауат ашу дәрістері тұрақты жүргізіліп келеді.

 

Мешіт ұстазы шәкірттерге «мұғалім сәни» және «тәжуид» пәндері бойынша бастаушы және жалғастырушы топтарға бөліп, дәріс беріп жатыр. Сондай-ақ, әр сабақта Құран оқу тәртібі мен әдептері түсіндіріліп, дұрыс оқу машығы қалыптастырылады.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz