Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде «Қазақ халқының дәстүрінде ананы құрметтеу мен қыз баланы қадірлеу» тақырыбында насихат айтылды.
Мешіт наиб имамы жиналған жамағатқа: «Қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетінде ана мен қыз баланың орны қашан да ерекше. Олардың қоғамдағы рөлі тек отбасымен ғана шектелмейді, ұлттық болмыс, ұрпақ тәрбиесі, дәстүр мен салттың сақталуы тұрғысынан да маңызды.
Қазақ халқының өмір сүру салтында ананың, қыз баланың мәртебесі биік, олар ұлттың болашағы мен мәдени мұрасының негізін қалаушы тұлғалар ретінде қарастырылады. Ананың орны мен қыз баланың маңызы өте жоғары.
Ана – отбасының ұйытқысы, ал қыз бала – ұлттың болашағын сақтаушы әрі дамытушы жан”,- деді.
Уағыз соңында жамағатпен бірге ата- баба рухына Құран бағыштап, ел мен жердің тыныштығын тілеп, бата жасады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі