Center Image
IHSAN.KZ
«Қажыбай қажы» мешітінде бейнелеу өнерінен шеберлік сағаты өтті
«Қажыбай қажы» мешітінде бейнелеу өнерінен шеберлік сағаты өтті

«Алла Тағала әсем, сондықтан әсемдікті жақсы көреді» (Муслим)

Мешіт ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызының ұйымдастыруымен «Рамазан -  нұр шашқан ай» атты қыз балаларға бейнелеу өнерінен шеберлік сағаты өткізілді.

 

Бейнелеу өнерін ұйымдастырудағы мақсат жастарға  Алланың дінін тек діни дәрістерді берумен шектелмей, жан - жақты көркем түрде насихаттау. Сурет салу арқылы балалар сабырлыққа, бастаған ісін соңына дейін аяқтауға және қателіктен қорықпауға үйренеді. 

Ислам әлемі адамзатқа беріп отырған мәдени құндылықтардың арасында осы бейнелеу өнерін ерекше атап өтуге болады. Дініміз тірі жаратылысты салуға тыйым салғандықтан, мұсылмандардың көркем өнерге деген құштарлығы жансыз  бейнелеу өнерімен шұғылдану арқылы шешім тапты.

Бұл өз кезегінде діни талаптарға сай болумен қатар, адам бойындағы сұлулыққа, әсемдікке деген әуестік пен құштарлықты да оята алды.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz