Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандыда «Сағындырған Рамазан» атты рухани кеш өтті
Қарағандыда «Сағындырған Рамазан» атты рухани кеш өтті

Қарағанды облысы өкілдігіне қарасты «әйел-қыздар» секторының бастамасымен «Сағындырған Рамазан» атты рухани кеш ұйымдастырылды.

 

Рухани жиын Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының алғысөзімен басталды. Сонан кейін Құран хатым дұғасы оқылып, ауызашар сәті де болды.

Іс-шараға ҚМДБ әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы «Рамазан кешірім айы», Алматы қаласы әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлмира Ілесбайқызы «Рамазан рухани жаңғыру айы», Алматы облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы «Ардақты аналарымыздың өмір салты» атты тақырыптарда уағыз-насихат айтып, спикер-қонақ ретінде арнайы келіп, салтанатты кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.. Сонымен қатар Қарағанды облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызы «Рамазан Құран түскен ай» атты тақырыпта уағыз айтты.

Бұл рухани жиынға 150-ден аса жамағат қатысты. Осы кеште арнайы нөмірлер таратылып, кеш соңында умра сапарына ұтыс ойнатылды. Ұтысты «Әнет баба» мешітінің жамағаты Мариям есімді апайымыз ұтып алды. Айта кету керек, апайымыз 5 баланың анасы, умра сапарына баруға ниеттеніп, дұға тілеп жүрген екен. Бұл кеште Қарағанды облыстық Сәкен Сейфулин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері  «Жолдама» атты қойылым қойды және де түрлі діни сұрақтар бойынша сұрақ-жауап ойындары болып, сыйлықтар таратылды.

Қорытынды бөлімінде ұстаздарымызға сый-сиапат көрсетіліп, гүл шоқтары мен сыйлық табысталды. Рухани кешке қолдау білдірген демеушілерге бас имамның атынан алғыс хаттар табысталды.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz