Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қаласында «Шымырлық пен шеберлік» байқауы өтті
Шахтинск қаласында «Шымырлық пен шеберлік» байқауы өтті

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай 2025 жылғы 12 наурызда Шахтинск қаласындағы «Тентек» спорт кешенінде ұлттық спорт түрлерінен «Шымырлық пен шеберлік» атты қалалық байқау өтті. Бұл жарысты «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырып, оған қаланың әртүрлі оқу орындары мен ұйымдарының командалары қатысты.

 

Байқау қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеуге бағытталып, қатысушылар "Арқан тартыс", "Қол күрес" және "Асық ату" сынды спорт түрлерінен бақ сынады. Жарыс қызу тартысқа толы болып, қатысушылар өздерінің шеберліктерін, күш-жігерін және командалық рухын көрсетті.

Бұл жарысқа Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің шәкірттері де белсене қатысып, арқан тартыс сайысында жүлделі үшінші орынға ие болды. Бұл жеңіс – мешіт шәкірттерінің ұйымшылдығы мен қажырлы еңбегінің жемісі.

Осындай ұлттық спорттық жарыстар жастардың рухын көтеріп, олардың дене шынықтыруға, ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттырады. Алдағы уақытта да осындай игі іс-шаралар жалғасын табады деп сенеміз.

Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдіре отырып, «Нұр» мешітінің шәкірттеріне болашақта да табыс тілейміз!

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz