Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінің имамы оқушыларымен кездесті
«Нұр» мешітінің имамы оқушыларымен кездесті

Ә.Бөкейханов атындағы мектептің ораза ұстап жүрген оқушыларымен Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы кездесу өткізді. Іс шара Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық орталық кітапханасының оқу залында биылғы 1 наурызда бастау алған Қасиетті «Рамазан айы және Исламның негізгі деген 5 парызының бірі ораза ұстау» тақырыбында ұйымдастырылды.

 

Аталмыш іс-шарада мешіт қызметкері оқушыларға Рамазан айы мен ораза ұстау мүмкіншіліктері және қағидаттарынан толықтай мағлұмат берді. Сонымен қатар оқушылар мешіт имамына ораза ұстау туралы өздерінің сұрақтарын қойып, жауап ала алды. Келген қонақтың тұшымды әрі нақты деректері түсінікті тілмен жеткізіліп, басқосу соңы әңгімелесумен аяқталды.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz