Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қаласының халқына құрма мен ауыз су үлестірілді
Шахтинск қаласының халқына құрма мен ауыз су үлестірілді

Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен қала тұрғындары мен жамағатқа арналған «құрма мен су» үлестіру қайырымдылық іс-шарасы өтті.

 

Игі іске мешіт қызметкерлері мен шәкірттері белсене атсалысып, жамағатқа ауызашарға құрма мен су таратты. Бұл бастама қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған жандарға қолдау көрсету, ауыз ашудың сауапты амал екенін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

 

Іс-шара барысында мешіт қызметкерлері тұрғындармен жылы жүздесіп, Рамазан айымен құттықтады. Қала тұрғындары мен жамағат бұл игі бастамаға ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz