Center Image
IHSAN.KZ
«Қажыбай қажы» мешітінің ауласы қардан тазаланды
«Қажыбай қажы» мешітінің ауласы қардан тазаланды

«Қажыбай қажы» мешітінің имамы Жандос Нығыманның ұйымдастыруымен мешіт ауласы қардан тазаланды.

 

Іс-шараға мешіт қызметкерлері мен жамағат белсенді түрде атсалысып, аумақты қардан аршып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Бірлесе атқарылған игі іс мешіт ауласын ретке келтіріп қана қоймай, жамағат арасында бірлік пен ауызбіршілікті нығайтуға септігін тигізді.

Дін қызметкерлері бұл бастаманың тұрақты түрде жалғасатынын айтып, мешіт аумағының көркеюіне үлес қосуға әзір екендіктерін жеткізді.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz