Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешітінде «Шамәил Мұхаммадия» кітабы оқытылып жатыр
«Әл-Машани» мешітінде «Шамәил Мұхаммадия» кітабы оқытылып жатыр

«Әл-Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының басшылығымен мешітте «Шамәил Мұхаммадия» кітабы бойынша дәрістер жалғасып келеді. Бұл сабақтар Пайғамбарымыздың (с.а.с) көркем мінезі мен сипаттарын тереңірек тануға бағытталған.

 

Шәкірттер Ислам тарихындағы маңызды деректермен танысып, Алла Елшісінің (с.а.с) өмірінен өнеге алады. Сабақ барысында оның тұрмыс-тіршілігі, адамгершілік қасиеттері және үмбетіне қалдырған өсиеттері жан-жақты түсіндіріледі.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz