«Әл-Ғаффар» мешітінде университет, колледж студенттеріне ауызашар дастарқаны жайылды.
Ауызашар барысында жиналған жастарға мешіт ұстазы Азамат Төлеухан Алланың разылығына бөленген жастар тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Рухани жиында жалындаған жас болса да, нәпсіге азбай, имандылық жолын ұстанған жастардың Алла Тағаланың ерекше ықыласына бөленетіндігі жайлы насихат айтылды.
Сонымен қатар Азамат ұстаз бүгінгі жастарға Абай атамыздың «Болмасаң да ұқсап бақ» деген өсиетін еске салып, біртуар тұлғалардан өнеге алып, оларға ұқсауға ұмтылу керектігін атап өтті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер