Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесінің құрметіне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде бүлдіршіндер арасында ұлттық спорт ойындарынан сайыс өтті.
Ұлттық ойындарды дәріптеу және жас ұрпақты салт-дәстүрмен сусындату мақсатында ұйымдастырылған сайыс барысында жеткіншектер «Асық ату», «Арқан тартыс» сынды ойындардан өзара бақ сынасты.
Жарыс соңында жеңімпаз бүлдіршіндерді мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы арнайы мадақтама қағаздарымен және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі