Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде «Қадір түнінің қасиеті» тақырыбында тағылымды насихат өтті.
«Жастар ісі» бағыты аясында өткен рухани іс-шара барысында мешіттің наиб имамы Тилманов Таңат мешіт жастарына Рамазан айындағы ең қадірлі түннің мәні мен маңызы туралы насихат айтты.
– «Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн. Рамазан айының соңғы он түні мұсылман үшін өте маңызды. Себебі Қадір түнінде қасиетті Құран Кәрім түсе бастады. Сондықтан Ислам дінінде бұл түн ерекше бағаланады. Құран Кәрімде арнайы «Қадір» сүресі бар. Осының өзі-ақ бұл түннің аса ардақты екенінен хабар береді», – деді имам өз сөзінде.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі