Center Image
IHSAN.KZ
«Балақажы» мешіті: Дін мен дәстүр сабақтастығы — ауызашар дастарханында
«Балақажы» мешіті: Дін мен дәстүр сабақтастығы — ауызашар дастарханында

«Балақажы» мешітінде Рамазан айы мен Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесінің қатар келуіне орай ауызашар ұйымдастырылды. Мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы қажы апалар мен шәкірттерді жинап, Құран хатым дұғасын оқыды.


Сондай-ақ әйел-қыздар жамағатына дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде уағыз айтылды.

Бүгінгі ауызашарда ақ жаулық жамылып, бешпет киген апаларымыз салт-дәстүрімізді жастарға үлгі етті. Қажы апалар еліміздің амандығы үшін дұға етіп, ұйымдастырылған ауызашарға алғыстарын білдірді.

Ұлттық құндылықтарды сақтау және дамыту жолында атқарылып жатқан игі істердің берері мол.

 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz